Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Павлодарда тұрғын үй пәтерінен өрт шықты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда өрт шыққан пәтерде ер адам қаза тапты. Тағы екі зардап шегуші жанып жатқан пәтерден қашып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда тұрғын үй пәтерінен өрт шықты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат 03:01-де Украинская көшесі, 97 мекен-жайы бойынша өрт туралы қоңырау түскен.

Бесінші қабаттағы бес қабатты тұрғын үйде төрт бөлмелі пәтерде 8 шаршы метр аумақта жиһаз жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер иесі, 1962 жылы туған ер адам және оның 1966 жылы туған жұбайы өз бетінше эвакуацияланды. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, Павлодар қаласының № 1 ауруханасына жеткізді.

«Өрт сөндірушілер ас үйден пәтер иесінің 1987 жылы туған ұлының денесін тапты», делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер подъезден 12 адам мен 2 баланы эвакуациялады. Өрт 03:47-де толық сөндірілді.

Өрттің болжамды себебі - темекі шегу кезіндегі абайсыздық. Оқиға орнында жеке құрамнан 22 қызметкер және 7 бірлік техника, ТЖД сынау өрт зертханасы, Апаттар медицинасы орталығы, «102» қызметі жұмыс істеді.