Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының шеңберінде жоғары деңгейдегі апталық басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы басталады

Аралас форматта өтетін ауқымды шараға жүзден астам елдің мемлекет, үкімет басшылары қатысады.

«Ұйқыдан оянып дабыл қағатын мезгіл жетті» деген ұранмен өткелі отырған басқосуда басты үш тақырып талқыланбақ. Олар – климаттың өзгеруі, коронавирусқа қатысты ахуал және Ауғанстандағы жағдай.

Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш делегаттар алдында сөз сөйлейді. Ал қыркүйектің 23-і күні климаттың өзгеруі Қауіпсіздік кеңесінің арнайы отырысында талқыланады. Кеше Ұлыбритания үкімет басшысының ұйымдастыруымен мәселеге қатысты конференция өтті. Жоғары деңгейдегі апталыққа байланысты қауіпсіздік шаралары да күшейтілген. Ғимарат орналасқан аудандағы көшелердің көбі жабылып, тексеру бекеттері қойылған.