Бұл жәдігер дәл қазір ШҰАР құрамындағы Құмыл аймағы Баркөл қазақ автономиялы аудан орталығында орналасқан «Шыңжан Баркөл қазақ автономиялы ауданы қазақ мәдениет көрме сарайы» деп аталатын музейдің төрінде тұр. Бұйымның суретін 2009 жылы қазан айында Шыңжаң өлкесіне сапарлап барған, Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейдің ғылыми қызметкері Досымбек Қатыран түсіріп әкелген екен.

Өрме сабаны жасаған адам Кенжехан Рахметұлы дейтін шебер. Кенжекең қазір Баркөл қаласында тұрады. Жалпы, қазақта өрме мәдениеті деген бар. Бұл ежелден келе жатқан өнер.
Ал қазақ өрме өнеріне келетін болсақ, жұмыр өрме және жазық өрме дейтін екі түрге бөлінеді. Жұмыр өрме – қамшы, арқан және жұмыр жүген сияқты жылқы жабдықтарын жасағанда кеңінен қолданылса, жазық өрме – айыл-тұрман тәрізді жалпақ бұйымдарға тән стиль. Сол сияқты өрменің: үш демше, төрт демше, бес демшеден бастап, он екі демшеге дейін түрі болады. Демше дегеніміз – таспа. Яғни төрт таспалы, бес таспалы, алты таспалы... деген сияқты. Реті келгенде, айтып өткен артық болмас, таспа қаншалық шебер тілінеді, өрім де соншалық көркем өріледі. Ал таспаны түзу әрі бірдей етіп тілу үшін жаттыққан қол, каныққан көз керек. Бұл ұзақ уақыт машықтанумен келетін керемет еңбек.
Жәдігерді жасап шыққан шебер Кенжеханның айтуына қарағанда, бұл сабаны жасау үшін төрт жуан өгіздің жон терісінен тіліп алған 1300 таспа кетіпті. Сыйымдылығы – 100 литрге таяу. Шебер сабаны 12 таспа жазық өрме стилін пайдаланып, оны бір-біріне қиюластыру арқылы қосөрім тәсілімен, үш айдың ішінде атқарып шыққан. Сабаның ішіне толтырып сұйық құйсаңыз сыртқа бір тамшы шықпайды. Неге? Шебер айтады: сабаны жасап болған соң өрменің дымы кеппей тұрып, ысқышпен әбден ысқылау керек. Сонда өрім нығыздалып, сыртқы кедір-бұдырынан арылып, майдаланады. Одан кейін қарағайдың қу бұтағы немесе жерде шіріп жатқан қожырымен ыстау керек. Сонда ешқашан сыртқа тамшы су ақпайтын болады. Одан кейін ысталған тері ешқашан шірімейді де, су тисе ылжырамайды. Соңында ыс сіңген қайыс-сабаны көктің нілімен суарасыз. Көктің нілі дегеніміз – бал арасы қонатын шөп-гүлдерді теріп алып, оларды суға қайнатып нәрін алу. Осы нілді сумен жаңа ысталған сабаны шайғанда, көктің нілі сіңеді. Ніл сіңген саба сазды жердің дымын бойына тартпайтын болады. Бұны қазақтар «көктің нілімен қайыс суару» дейді.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар