Елорда • 23 Қыркүйек, 2021

Елордада ТМД елдерінің Бас прокурорлары бас қосып жатыр

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ТМД елдерінің Бас прокурорлары бас қосып жатыр

2020 жылғы 8 қазанда кеңестің отырысы онлайн режимде өткен еді.

Үйлестіру кеңесінің отырысы жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кезектен тыс отырыстар оның мүшелерінің жартысы келіскен кезде Кеңестің бір немесе бірнеше мүшесінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін. 

Отырыстың күн тәртібі ТМД жоғары органдарының тиісті шешімдері, КМК мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Айта кетейік, ТМД Бас прокурорларының үйлестіру кеңесі 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілді. Осы құжатқа Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.