Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл әуе рейсі Атырауға неге қонғаны түсіндірілді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадан Ыстанбұлға ұшып шыққан «Boeing-767» ұшағы Атырау халықаралық әуежайына техникалық себепке байланысты қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл әуе рейсі Атырауға неге қонғаны түсіндірілді

«23 қыркүйек күні сағат 21-35-те Атырау халықаралық әуежайына «Boeing-767» ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі – жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Борт Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Эйр Астана әуе компаниясына тиесілі», деп атап өтеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен.

Ал қалған 199 жолаушы «Sulo Hotel» қонақ үйіне орналастырылған. «Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

24 қыркүйек күні сағат 14-00-де «Boeing-767» ұшағының Ыстанбұл қаласына ұшып шығуы жоспарланған», деп атап өтеді ведомстводан.