Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021

ИИДМ Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай туралы түсініктеме берді

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ИИДМ Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай туралы түсініктеме берді

«Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚХР Үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде бақылау шараларын күшейтті.

15 тамыздан бастап Алашанькоу станциясында (ҚХР) COVID-19 ауруының жаңа жағдайларының анықталуына байланысты қытай тарапы Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша өтетін жүктерге басымдық бере отырып, пойыздарды қабылдауды/жөнелтуді шектеді.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп осы мәселені шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда:

  • жүктердің 80%-ын Алтынкөл-Қорғас станциясына қайта бағыттау;
  • контейнерлік жүктердің үлесін арттыру;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолының басшылығы деңгейінде апта сайынғы кездесулерді және шекара маңы станцияларының бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестерді өткізу.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, Үрімші темір жолының басшылығы қазіргі уақытта осы мәселе бойынша жергілікті үкіметпен жұмыс жүргізіліп жатыр деп сендірді», делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Ведомствода толықтырғанындай, 8 айдың қорытындысы бойынша. ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 14,4 млн тоннаны құрап, 2%-ға артты, оның ішінде контейнерлік тасымал - 579 мың ЖФЭ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артты.

Жағдай ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында, деп атап өтті ҚР ИИДМ.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35