Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Түркия ұшағы Алматыға апатты жағдайда қонды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия ұшағы Алматыға апатты жағдайда қонды

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлімдеді.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап, бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қону жергілікті уақыт бойынша 21:12-де қалыпты режимде өтті», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.