Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Безос компаниясы ғарышқа жолаушылармен екінші рет ұшатынын хабарлады

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джефф Безостың Blue Origin компаниясы жолаушылармен екінші рет ғарышқа ұшатыны туралы хабарлап, экипаждың алғашқы мүшелерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Безос компаниясы ғарышқа жолаушылармен екінші рет ұшатынын хабарлады

Бұл туралы Blue Origin сайты мәлімдеді.

New Shepard суборбиталды ғарыш кемесінің екінші рейсі 12 қазанға жоспарланған. Blue Origin алғашқы экипаж мүшелерін атады. Олардың ішінде NASA-ның бұрынғы инженері, ғарыштық спутниктерді дайындап, ұшыратын Planet Lab компаниясының негізін қалаушы Крис Бошуйзен бар.

«Бұл – менің бала кезден бергі арманым. Ең бастысы, бұл сапар студенттерді STEM мансабына ұмтылдырады және ұрпақты ғарышты зерттеуге ынталандырады деп ойлаймын. Біздің ғарыштағы болашақ өміріміз солардың қолында», деді Бошуйзен.

Екінші экипаж мүшесі - медико-биология ғылымдары, Dassault Systèmes компаниясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша вице-президенті Глен де Врис. Экипаждың қалған екі қатысушының аты-жөні кейін белгілі болады.

«Мен бүкіл ғұмырымда адамдардың өмірін ұзарту үшін жұмыс істедім. Ғарыш индустриясын дамытуға атсалысу - керемет мүмкіндік. Мен авиация мен ғарышқа қызықтым, сондықтан бұл сапар - мен үшін арманымның орындалуы», деді Глен де Врис.

Ұшу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да Батыс Техастағы алаңнан жоспарланған.