Экономика • 28 Қыркүйек, 2021

Елімізде астық жеткілікті - АШМ

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде астық жеткілікті - АШМ

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, республикада 3,5 млн тонна астық былтырдан қалған. Оның 2,8 млн тоннасы – бидай.

«Астықтың күтілетін жалпы мөлшері және былтырдан қалған астықты есептегенде, еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Баға қымбаттауы мүмкін деп айтылуда, алайда егін жеткілікті болғандықтан, бұл тұрғыда проблема болмайды», деді вице-министр.

Сапаров республикадағы қоймалардың сыйымдылығы 29 млн тоннаны құрайтынын айтты. Соның ішінде элеваторлар – 12,4 млн тонна. Оған 2,6 млн тонна астық түсірілген. Оның 2,2 млн тоннасы – бидай. Түскен бидайдың 91%-ы бірінші, екінші, үшінші сұрыпқа жатады. Ал 2023 жылы ол көрсеткіш 83%-ды құрайды деп күтілуде.