Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021

Путин АЭС құрылысына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға АЭС құрылысына көмектесуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Путин АЭС құрылысына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты

Фото: pixabay.com

«Бейбіт атом энергиясы саласына қатысты. Біз көршілеріміздің, достарымыздың, одақтастарымыздың, соның ішінде Қазақстанда атом энергиясын дамыту жөніндегі жоспарын мұқият қадағалап отырмыз. Ресей серіктестеріне, оның ішінде Қазақстанға, егер осындай шешім қабылдайтын болсаңыз, АЭС құрылысы мен жұмысына көмек пен қолдау көрсетуді ұсынады», деді Путин XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, сөз республикада ресейлік конструкциялы АЭС салу туралы болып отыр.

«Біз, сондай-ақ Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергиясын қолдануға байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадр даярлауды қамтитын тұтас саланы құру туралы айтып отырмыз. Ресейлік мамандар газды тазартатын тиімді қондырғыларды іске қосып, технологияларды жетілдіріп, атмосфераға түсетін жүктемені үнемі төмендетуге тырысады», деп атап өтті Ресей Федерациясының Президенті.

Тұтастай алғанда, ол Ресей мен Қазақстанның экология және жасыл даму саласындағы бірлескен жұмысының мүмкіндігі кең екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген.