Медицина • 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Ұлыбританияға вакцина паспортын өзара мойындауды ұсынды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Ұлыбританияға вакцина паспортын өзара мойындауды ұсынды

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу басында А.Цой Кэти Личке ілтипат білдіріп, Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Министр Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы отырысын өткізу ынтымақтастықтағы маңызды мәселелерді кеңінен қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

1

Сонымен қатар А. Цой экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жасау, COVID-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

«Қазақстанның вакцина төлқұжатын 6 ел мойындады: Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы. Бүгінгі таңда басқа елдермен вакцинация паспортын өзара тану мәселесі пысықталуда. Осыған байланысты, Қазақстан мен Ұлыбританияның вакцинацияланған азаматтарының трансшекаралық орын ауыстыруы үшін шектеулерді жою жөніндегі мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, вакцинация сертификаттарын өзара тану мәселесін қарастыруды ұсынамыз», деді А.Цой.

1

COVID-19 таралуына байланысты сақталып отырған тұрақсыз жағдайды ескере отырып, Министр ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ оны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар бойынша тұрақты ақпарат алмасу түрінде әріптестікті жандандыруды ұсынды.

Кездесу соңында А. Цой Ұлыбританияның МСАК жөніндегі Астана декларациясын ілгерілету туралы Достық елдер тобына қосылуына және бастапқы буын деңгейінде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыруға қатысуға мүдделі екенін білдірді.