Қазығұрт ауданының полиция бөліміне үш жергілікті тұрғын жалған вакцина паспортын алғаны туралы жедел ақпарат түскен.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында медициналық мекеменің екі қызметкерін анықтады. Олар қызметтік өкілеттігін пайдаланып, вакцина паспорттарын қолдан жасап, сатқан.
Күдіктілер мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Белгілі болғандай, медицина қызметкерлері жергілікті үш тұрғынға жалған вакцина паспортын жасап берген.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.