Қазақстан • 01 Қазан, 2021

Азаматтық бастамаларды іске асыру үшін ұсыныстар жиналады

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 1 қазанда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен Қазақстан Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша ауылдардағы ҮЕҰ өкілдерімен пікір алмасу жиыны өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтық бастамаларды іске асыру үшін ұсыныстар жиналады

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде гранттық қаржыландыру жүйесін жеңілдету арқылы ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдау тетігі әзірленіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ауылдардағы ҮЕҰ ауылда әлеуметтік белсенділікті жандандыру үшін жақсы серпін алады», деп хабарлады вице-министр.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас ауылдардағы бастамаларды қолдау саласындағы орталықтың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мәселен, 2020 жылы орталық желісі бойынша 14 өңірде ауылдық бастамаларды қолдау жөніндегі жоба іске асырылған. Жоба шеңберінде өңірлік ҮЕҰ атынан 14 оператор айқындалып, ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтар үшін әлеуметтік идеялар мен жобаларды іске асыру үшін 500 мың теңгеден 140 шағын грант ұсынылды.

а

«Биыл ауылдарда 44 миллион теңге сомасына 92 шағын грант іске асырылып жатыр. Мысалы, «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Қауымдастығы» ЗТБ іске асыратын ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы бойынша республикамыздың 13 өңірінде 500 мың теңгеден 60 шағын грант ойнатылды», деді Л.Диас.

«Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Айгүл Дүйсенова ауыл тұрғындары мен ауылдық ҮЕҰ үшін жергілікті жерлерде жұмыс істеудің маңыздылығын алға тартты. Соның арқасында олар өз бастамаларына орталықтан білікті көмек пен қолдауға ие болған.

Пікірталас алаңының жұмысына қатысатын ауылдық ҮЕҰ өкілдері мен бастамашыл топтардың мүшелері ауылдағы азаматтық бастамаларды қолдаудың әзірленіп жатқан жаңа тетігі ауылдаржағы ҮЕҰ-ны дамытуға көмектесетініне сенім білдірді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, жергілікті жерлерде азаматтық бастамаларды қолдау тетігін одан әрі жетілдіру жөнінде ауылдардағы ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың өкілдерінен ұсыныстарды жинайтын болды.

а