Білім • 03 Қазан, 2021

Елорда мұғалімдері үшін қандай еңбек жағдайлары жасалған?

589 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда елорданың 143 мектебінде, оның ішінде мемлекеттік, жекеменшік, республикалық мектептерде 17 981 мұғалім жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Елорда мұғалімдері үшін қандай еңбек жағдайлары жасалған?

Қалада педагогтерге барлық жағдай жасалып жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Ұстаз мәртебесі туралы ҚР Заңының қабылдануымен педагогтердің еңбекақысы жыл сайын көтеріле бастады. Мұғалімдер аталмыш заңнамалық құжатты өз кәсібін құрметтеу мен танудың белгісі деп санайды. Мәселен, елордалық мұғалімдердің жалақысы соңғы екі жылда – 2020/2021 жылдары 50%-ке өсті. 2022 жылы педагогтердің жалақысы тағы 25%-ке артады. 2021 жылдың бірінші жартысында Нұр-Сұлтанның 2384 мұғалімі біліктілігін арттыру курстарынан тегін өтті.

Заманауи әлемнің жаңа сын-қатерлері инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, шығармашылық дағдыларын ашу мақсатында жаңа оқу бағдарламаларында шығармашылық идеяларды қолдану қабілетін талап етеді. Бұған елордалық оқушылардың РІЅА халықаралық емтиханындағы жетістіктері, сондай-ақ PIRLS халықаралық зерттеуіне қатысуы мысал бола алады, онда әлемдік білім беру стандарттары бойынша функционалдық, оқырмандық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар жүйелі деңгейде бағаланады.

Елорда педагогтерінің алдында білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес оқыту тәсілдерін қайта қарау, сондай-ақ бар бағдарламаларды жетілдіруде үлкен міндет тұр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтанда «SHARE» халықаралық жобасы іске асырылуда, оның мақсаты педагогтердің зерттеу қызметі нәтижесінде анықталған менеджмент пен оқытуға өзгерістерді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру болып саналады. Жобаны іске асыру барысында Кембридж университетінің білім беру факультетінің басшылығымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Елорданың 5 мектебінен 25 мұғалім Кембридждік әріптестерінен білім алды. Білім беру жүйесінің сапалы кадрларын даярлау мақсатында ЖОО-ларда педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны ұлғаюда. Мысалы, биыл Астана Халықаралық университетіне түсу үшін талапкерлерден құжаттар қабылданып, онда педагогикалық мамандықтар бойынша 515 грант орналастырылды. Аттестаттау қорытындысы бойынша мұғалімдерге педагогикалық шеберлігі үшін 30%-тен 50%-ке дейін, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарлары үшін лауазымдық жалақысының 30%-тен 100%-ке дейін қосымша ақы төлеу көзделген.

Педагогтердің өз салаларындағы жетістіктері жеке көтермеленеді. Жайлы тұрғын үй жағдайлары да жасалуда. 2019 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында жас мұғалімдерге арналған 350 орындық жатақхана салынды. Орын елордалық білім беруді дамытуға үлес қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген педагогтерге беріледі. Сонымен қатар, мұғалімдерге тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарна төлеу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында республикалық «Үздік педагог» байқауында елорданың 5 мұғалімі жеңімпаз атанды. «Бүгінгі таңда мұғалімдеріміз еліміздің білім беру процесіне ғана емес, сонымен қатар әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауға бағытталған», деп атап өтті елордалық Білім басқармасынан.