Қоғам • 04 Қазан, 2021

Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жанар Шайдуллина ІІМ-нің брифингінде сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

«ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар медициналық көмек алу үшін қосымша медициналық қызмет алатын мекеменің орналасқан жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының бекітілген халық тіркеліміне бекітіледі. Стационарлық емдеу қажет болған кезде сотталғандар ҚАЖ ауруханаларына немесе жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінген денсаулық сақтау объектілеріне жіберіледі», деді Шайдуллина.

Спикердің айтуынша, барлық адам міндетті бастапқы және жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтеді. Созылмалы ауруы болса, есепке алынады және қажетті ем алады.

«Пандемия басталғаннан және елде КВИ тіркелгеннен бері біз арнайы контингент арасында жаппай инфекцияның алдын алу үшін барлық шараларды қабылдадық. Бүгінгі күнге дейін 214 сотталушы коронавирус жұқтырды», деді ол.

Брифингте дәрі-дәрмек сатып алуға және науқастарды емдеуге қажетті барлық қаражат толық бөлінгені айтылды