Спорт • 05 Қазан, 2021

Әйелдер күресінен Әлем чемпионатында спортшыларымыз финалға өте алмады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Асылзат Сағымбай мен  Эльмира Сыздықова Ослодағы әйелдер күресінен әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер күресінен Әлем чемпионатында спортшыларымыз финалға өте алмады

53 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал жекпе-жегінде А.Сағымбай молдовалық Юлия Леордеден мерзімінен бұрын жеңілді. Кездесу  2:0 есебімен молдова балуанының пайдасына шешілді.

Ал, 76 келіге дейінгі салмақта Э.Сыздықова Египет өкілі Самар Хамзадан 2:3 есебімен жеңілді.

Енді қазақстандық спортшылар қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алу үшін Леорде мен Самардың  финалға шығуына ғана үміттене алады.

Соңғы жаңалықтар