Оқиға • 05 Қазан, 2021

Павлодарда суицид жиілеп барады

1 мин
оқу үшін

Павлодарда тағы бір адам балконнан секіріп кетті. Өз-өзіне қол жұмсаған азаматшаның денесі бүгін таңғы сағат 07:13-те табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда суицид жиілеп барады

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1972 жылы туған азаматша А.Бектұров көшесі 50/1 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің 8-ші қабатындағы балконнан секіріп кеткен.

- Бүгін, яғни 5 қазан күні таңғы сағат 07.13-те Бектұров көшесі, 50/1 үйде орналасқан дүкеннің төбесінен 49 жастағы әйелдің денесі табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, - делінген баспасөз хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20