Президент • 07 Қазан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп жазады Egemen.kz  akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Тараптар 30 қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен халықаралық проблемалар бойынша белсенді саяси диалогтарды жалғастыруға келісті.