Қоғам • 08 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург рейсі қайта ашылады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Нұр-Сұлтаннан Санкт-Петербургке тұрақты рейсті жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург рейсі қайта ашылады

Әуекомпанияның мәліметінше, Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург рейсі 9 қазаннан бастап қалпына келтіріліп, алдымен сенбіде, ал қарашадан бастап сәрсенбіде орындалады.

13 қыркүйекте Ресей үкіметі Мәскеу - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстерді үштен жетіге дейін және Мәскеу - Алматы бағытын аптасына екіден жеті рейске дейін ұлғайту, сондай-ақ Мәскеу - Қарағанды, Мәскеу - Шымкент, Мәскеу - Ақтау, Мәскеу - Қостанай, Санкт-Петербург - Нұр-Сұлтан, Махачкала - Ақтау, Грозный - Ақтау, Калининград - Алматы, Калининград - Нұр-Сұлтан, Новосибирск - Нұр-Сұлтан, Омбы - Нұр-Сұлтан, Омбы - Павлодар, Омбы - Петропавл бағыттары бойынша аптасына бір рейсті жүзеге асыру жоспары туралы хабарлаған.

Кейінірек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 21 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы рейстер жиілігінің артуына байланысты Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 54-ке дейін көбейетінін хабарлады.