Қоғам • 08 Қазан, 2021

ҰҚК есінен танған сарбаз туралы видеоға түсінік берді

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шекара қызметі әлеуметтік желілерде тараған видеоға түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК есінен танған сарбаз туралы видеоға түсінік берді

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде беймәлім сарбаздың ұстамаға ұқсас ауру белгілерімен есінен танғаны түсірілген видео тараған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әлеуметтік желілерде мерзімді қызмет сарбазы туралы тараған материалға пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметшіні Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері департаменті 2021 жылғы 25 қыркүйекте мерзімді әскери қызметке шақырған. Ол 27 қыркүйекте қызмет өткеру орнына келген.

Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы оны әскери қызметке жарамды деп таныған. 29 қыркүйекте ол құрысу ұстамасының белгілерімен Үшарал қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

«30 қыркүйектен бастап сарбаз Алматы қалалық ҰҚК госпиталінде тексеріліп жатыр. Әскери-дәрігерлік комиссия оның одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылдайтын болады», деп мәлім етті шекара қызметі.