Спорт • 08 Қазан, 2021

Қыркүйек айының үздік спортшысы анықталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті айдың үздік спортшысын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қыркүйек айының үздік спортшысы анықталды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсімі аяқталды. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды. 

Дауыс беру рәсіміне бес үміткер қатысты. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы. 

8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Осы аралықта Милад Карими 73,19 дауыс жинап жеңіске жетті.

Оның ізін ала регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікті нысана көздеуден Қазақстан командасы иеленді.