
«Заң жобасында ит төбелестіру толықтай тыйым салуды қарастырдық. Алайда аңшылықта қолданылатын иттерге келетін болсақ, ол «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңмен реттеледі. Аңшы иттерді баптау үшін арнайы алаңдар пайдаланылады. Мұның бәрі реттеледі», деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Мәжілісте.