Әлем • 09 Қазан, 2021

Мэриленд штатындағы атыстан екі адам қайтыс болды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Кэпитол-Хайтс қаласында (Мэриленд штаты) болған атыс салдарынан екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Мэриленд штатындағы атыстан екі адам қайтыс болды

Полиция қаза тапқан бір әйелдің денесін жұмыс кеңсесінен тапса, екіншісін мекеме дәлізінен тапқан. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мэриленд штаты округінің басшысы Принс-Джорджс қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.