Әлем • 11 Қазан, 2021

Аустрия канцлері қызметінен кетті

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрия кан­ц­лері Себастьян Курц сыбайлас жем­қорлыққа қатысты туындаған даудан кейін қызметінен кетті. Ол өзінің орнына сыртқы істер министрі Александр Шалленбергті ұсынды.

Аустрия канцлері қызметінен кетті

Сондай-ақ Курц бастаған тағы тоғыз адам тергеуге алынған. Оған мемлекет қаражатын таблоидтық газеттерде өзінің оң имиджін қалыптастыруға пайдаланды деген айып тағылды. Алайда Курц оның бәрін жоққа шығарды.

«Бұған дейін мені қылмыстық әре­кеттер жасады деп айыптады. Оның бәрі 2016 жылғы оқиғаға қатысты. Бірақ оның бәрі – жалған, мен бұл мәселені анықтай алатыныма сенімдімін», деді Курц сенбі күні Венадағы канцлер кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дегенмен, канцлер қызметінен кетуге мәжбүр болғанын жеткізді. Өйткені парламенттегі «Жасылдар» партиясы жемқорлыққа қатысты даудан кейін Курцты қолдамайтынын мәлімдеген. Олар канцлерге сенімсіздік білдіреміз деп қорқытқан оппозициялық партиялармен келіссөздерді бастап кетті.

«Жасылдар» партиясының жетекшісі және вице-канцлер Вернер Коглер Курцтың отставкасын құптады. Сон­дай-ақ Шалленбергпен жұмыс істеуге дайын екенін білдіріп, олардың «өте конструктивті» қарым-қатынаста екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50