Елорда • 11 Қазан, 2021

KIOGE көрмесі – мүмкіндіктер алаңы

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада халықаралық KIOGE-2021 көрмесі өтіп жатыр. Мұнай және газ саласын қамтитын іс-шараға Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып, мұнай-газ және сервистік компаниялардың өнімдерімен, әзірлемелерімен танысты.

KIOGE көрмесі – мүмкіндіктер алаңы

Беларусь Республикасының Ұлт­тық стендінде министрге қа­зақ­стандық компаниялармен ын­­ты­мақтасуға дайын жеті кәсіп­орын­­ның өндірісі көрсетілді. Гер­манияның ұлттық стендінде ұсы­нылған сервистік компаниялар да Қазақстанда бизнесті дамытуға ниет­ті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының стендіне министрге отандық әзірлеме ABAI ақпараттық жүйесі таныс­тырылды. Бұл деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қам­тамасыз ететін жасанды интел­лект пен машиналық оқытуды қолданатын толық ауқымды Big Data жобасы. Қазір қанатқақты жо­ба ретінде цифрлы геология, цифр­лық бұрғылау, асқынулар мони­торингі, экономика сияқты модуль­дер сынақтан өтуде. Барлық 16 мо­дульді 2022 жылдың бірінші тоқ­­санында өндіріске енгізу жоспарланып отыр. ABAI Қазақстанның табиғи ресурстарын бағалаудың тиім­­ді­лігін арттыруға мүмкіндік бе­ре­ді және тиімді шешімдер қабыл­дау­ға көмектеседі.

Бұдан бөлек, министр KIOGE көрмесінде кеңінен ұсынылған ре­сейлік кәсіпорындардың стенд­терімен танысты.

– Көрме Қазақстанға жаңа тех­ноло­гияларды тарту және ынты­мақ­тастық үшін біздің кәсіпорындар арасында жаңа байланыстар орнату тұрғысынан өте маңызды. Көрменің болашағы зор. Экспозициялар саны да арта түседі деп сенемін, – деді М.Мыр­зағалиев.

KIOGE-2021 13-тен астам тақырыпқа арналған. Оның ішінде мұнай өндіру, геофизикалық жұмыс­тар, инжинирингтік қызметтер, құ­рылыс, бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика секілді салалар бар. Биыл KIOGE-ге Аустрия, Бахрейн, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланд, Ресей, Хорватия мемлекеттерінен 156 кәсіпорын қатысуда. Экспозицияның жалпы ауданы 2 700 шаршы метрді құрады.

– KIOGE алаңы барлық бағыт мен аралас салалардың өкілдері үшін ыңғайлы. Біз әрқашан компанияларға мәселелердің шешімін табуға мүм­кіндік беруге тырысамыз. Биыл шет­елдік компаниялардың көрмеге келуі қиынға соқты. Соған қарамастан 9 ел қатысып отыр, – дейді «Iteca» ЖШС мұнай-газ жобаларының директоры Марина Ли.

Биыл KIOGE көрмесі 27-ші рет ұйым­дастырылды. Көрме алғаш рет 1993 жылы Алматыда өз жұ­мысын бастаған болатын. Бұл Ор­талық Азиядағы ірі салалық іс-ша­раға айналды. Жыл сайын KIOGE-ге белгілі әлемдік компаниялар – жер қойнауын пайдаланушылар, сервистік кәсіпорындар, жабдық­тарды жеткізушілер, консалтингтік фир­малар, кәсіптік одақтар мен қауымдастықтар, қазақстандық және х­алықаралық даму институттары қатысады.