Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Жаңашыл жастар жобасы

571 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда экология, IT және медиа саласындағы Atyrau youth hackathon инновациялық жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталды. Шешендік өнер мектебінің жетекшісі Нұрлан Азаматовтың айтуынша, конкурсқа 76 өтінім түскен. Қатысушылардың жобаларын бағалау кезінде мұнайлы өңірде іске асыруға болатын жобаларға басымдық берілді.

Жаңашыл жастар жобасы

Қазылар алқасы 9 жобаны үздік деп таныды. Үздік жоба авторлары­ның бірі Әсем Иманғалиева күкірттен қал­дықсыз цемент өндіру тәсілін ұсынған.

– Бұл жобаның аясында үш жыл іздендім. Зерттеу жүргізу үшін Аты­рау мұнай өңдеу зауытының күкіртін, мазут пен кварц топырағын пайдалан­дым. Біріншіден, күкіртті ашық күйде сақтаудың қоршаған ортаға эко­логиялық тұрғыдан зардабы бар. Өйт­кені күкірт адамдардың созыл­­ма­лы ауруларын күшейтеді. Екін­ші­ден, Атырау мұнай өңдеу зауыты күкіртті Қытайға өте арзан бағамен экспорттап отыр. Сол себептен, қал­дықтар­ды құрылыс материалын жа­сау арқылы қайта қолдану туралы идеяны іске асыруды көздедім. Бұл үшін Оңтүстік Қазақстан мемле­кет­тік университеті­нің зертханасында қауіпті эксперименттер жасадым. Зерттеулерім сәтті болды. Енді толық­қанды өнім алу үшін бұл жобаны әлі де жетілдіре түсу керек, – дейді Ә.Иманғалиева.

Осы жобасы үшін Әсем Иманға­лиева бірінші жүлдеге ие болды. Сондай-ақ «Атырау-Білім», Quic pro командалары жеңімпаз деп танылды. Оларға 300 мың теңге сертификаттары тапсырылды. Екінші жүлде үшін 200 мың теңгенің сертификаты Назерке Арманқызы, Алты­най Серікбай және «Есту аппараты» командасына берілді. Үшінші жүлде­нің 100 мың теңгелік сертификатын Жанель Мырзатаева, Наруалитхан Хай­руллин мен Bir jol командасы иеленді.