Өнер • 15 Қазан, 2021

Қолөнершілерге жасалған қолдау

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жайық өзенінің жаға­лауында атыраулық қол­өнер шеберлері мен дизайнерлер үшін арнайы аллея ашылды. Онда әр аптаның соңында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді. Оған облыстық «Іс­кер әйелдер» кеңесі мен Аты­рау қалалық әкімдігі қол­дау көрсетіп отыр.

Қолөнершілерге жасалған қолдау

– Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, олардың өнімін өткізуіне жағдай жасау. Сондай-ақ ерекше нақыштағы ұлттық қолөнер туындылары арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін кеңінен дәріптеу, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген.

Жас дизайнер Әлбина Сиғуатованың айтуынша, бұл – жас кәсіпкерлерге отандық өнім­дерін ұсынуға арналған  тиімді жоба. Мұн­да ұсы­нылатын әр өнімнің сапасы жо­ғары, ба­ғасы тұтынушыға қолжетімді болмақ.