Қазақстан • 15 Қазан, 2021

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты іске қосылады

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай-газ химия зауыттарын салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты іске қосылады

ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізіледі.

Осыған орағай, 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беріледі.

Олар:

  1. Полипропилен өндірісі;
  2. Бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі;
  3. метанол өндірісі;
  4. Полиэтилентерефталат өндірісі;
  5. Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты.

«Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд.АҚШ долл) өседі», деп атап өтті министрліктен.