Қоғам • 16 Қазан, 2021

Қазақстанның әскери қызметшілері «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери оқу-жаттығу 18-23 қазан аралығында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің қатысуымен «Харбмайдон» (Тәжікстан Республикасы) полигонында өтеді, леп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның әскери қызметшілері «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына қатысады

Қазақстаннан «Эшелон-2021» арнайы оқу-жаттығуына 20-ға жуық әскери қызметші қатыспақ.

Бірлескен маневрлер барысында шекара маңындағы қарулы қақтығысты ауыздықтау операцияларын дайындау және оларды өткізу кезінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталады.