Қоғам • 18 Қазан, 2021

Синтетикалық есірткінің 11 жаңа түріне қылмыстық жауапкершілік енгізілді

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Синтетикалық есірткінің 11 жаңа түріне қылмыстық жауапкершілік енгізілді

«14 қазаннан бастап Үкімет Қаулысымен синтетикалық есірткінің 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың - олардың көмегімен есірткі синтезделуі мүмкін заттардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді», деді ол.

Ол атағандай, қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстық салмақ азайды.

«Бұл шаралар Мемлекет басшысының есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және психобелсенді заттардың жаңа түрлерін таратумен байланысты. Бүкіл әлемде заңсыз айналымдағы синтетикалық есірткілердің үлесі жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен жөн. Егер 2019 жылы Қазақстанда шамамен 11 кг синтетика тәркіленсе, 2020 жылы 100 кг, биылғы 9 айда 130 келі есірткі тәркіленді. Өткен жылы қазақстандық полиция 8 есірткі зертханасын, ал биыл 9 айда 13 жерасты өндірісін жойды», деді Нұрділдә Ораз.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15