Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Атырауда 23 адамды шаян шаққан

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 23 адамды сарышаян шаққан. Оларға жедел жәрдем қызметі көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 23 адамды шаян шаққан

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазан айы басталғалы бері жедел жәрдем қызметіне 23 шақырту түскен.

«Жедел жәрдемге 1-19 қазан аралығында Атырау қаласындағы шағын аудандарда жеке үйлерде тұратын тұрғындар жүгінді. Сарышаяндардан зардап шеккендерге жедел жәрдем бригадасы жедел жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Шағымданушының жағдайына байланысты стационарларлық емдеуге жатқызу жүргізіледі. Әдетте мұндай жәндіктен зардап шеккендер дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында болады», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасы мен облыстық ауруханаға сарышаян шаққан науқастар түспеген.