Ұлттық экономика министрлігі ұсынған «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын орындау шаралары партия жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, министрлік республикалық бюджетке түсімді молайту үшін бірқатар салықтық жеңілдіктерді алып тастауды ұсынды. Алайда кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтуынша, салықтық жеңілдіктерді алып тастау бағаның күрт өсуіне және инвестициялық ахуалдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Мұндай шаралардың республикалық бюджет үшін пайдасы жоқ.
«Министрліктің баяндамаларын тыңдасаң, көп іс атқарылып жатқан секілді, бірақ ауыз толтырып айтарлықтай дүние жоқ. Бұл жеңілдіктерді не үшін алып тастау керек екені түсініксіз. Дәрілік заттар үшін қосымша құн салығы бойынша бұл жеңілдіктің экономикалық әсері жоқ деп жатады. Бірақ қосымша құн салығы тауардың бағасына кірмей ме? Жеңілдіктерді алып тастау дәрі-дәрмек бағасының өсуіне әкелетіні анық», деп атап өтті Аманжан Жамалов.
Партияның сайлауалды уәделері аясында ҚҚС мөлшерлемесін саралау қарастырылған. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин хабарлағандай, әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС-ның төмендетілген мөлшерлемесін енгізу, осы салық түрінің жалпы мөлшерлемесінің өсуіне алып келеді. Алайда, Аманжан Жамалов бұл мәселелерді бір-бірімен байланыстыруға болмайтынын назарға алды.
«Өткен жылы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС 8%-ға төмендетілген мөлшерлеме қолданылды. Осылайша, бағаның өсуіне жол берілмеді. Қазір инфляцияның өсуін ескерсек, бұл мәселе аса өзекті. Нәтижесіне келсек, салық жиналымы тіпті артты. Ал нақты ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесінен болған шығындар, Министрліктің бағалауы бойынша, бар болғаны 9 млрд теңгені құрады. Сондықтан жалпы мөлшерлемені көтеру бойынша талап қоюдың қажеті жоқ, сіздерге ондай тапсырма берілмеген», деді Кеңес төрағасы Азамат Әмринге.
Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Бақтияр Қожахметов салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Өткен жылдан бастап онлайн бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдалануға көшу жүргізілді. Биыл «E-salyq-Business» мобильді қосымшасы арқылы пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Барлық жерде тауар айналымын бақылау үшін тауарға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) енгізілуде», деді Бахтияр Қожахметов.
Бұл ретте, Кеңес төрағасы 2015 жылдан бері елімізде 660 мыңнан астам қатысушы тіркелген электрондық шот-фактуралар жүйесі (ЭШФ) қарқынды жұмыс істейтінін еске салды.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған салық жеңілдіктерінің тізбесін қайта қарау, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС мөлшерлемелерін саралау бойынша нақты ұсыныстар енгізу ұсынылды.
Қаржы министрлігіне қолданыстағы жүйелер мен пилоттық жобаларды жеңілдетуге назар аудару және басқа жүйелермен қайталануды болдырмау мақсатында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі негізінде тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету ұсынылады.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар