Оқиға • 19 Қазан, 2021

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайын айтты

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайын айтты

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мас жүргізуші қағып кеткен полицей 17 қазанда №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 23:40-та жеткізілген.

«Науқастың екі аяғы сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр», деді басқарма өкілдері. 

 Еске салайық, кеше, 18 қазанда Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен болатын. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнде «Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан "Hyundai" автокөлігін тоқтатқан. Түрлі дене жарақатын алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.