Аймақтар • 19 Қазан, 2021

Өскемендегі өрттен жеті адам эвакуацияланды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында өрт шыққан тұрғын үйден жеті адам эвакуацияланды, апат медицинасы орталығының дәрігерлері өрттен зардап шеккен адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемендегі өрттен жеті адам эвакуацияланды

Славский атындағы Набережная көшесіндегі пәтерде үй тұрғындары кою түтінді байқап, 101 қызметіне жүгінді.

Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері барлау жүргізіп, түтіннің екінші қабаттағы пәтерден шыққанын анықтады.

Құтқарушылар жеті тұрғынды эвакуациялап, тұрғын үйде ес-түссіз жатқан адамды тапты. Апаттар медицинасы Орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емханаға жеткізді. Өрт сөндірушілер төрт шаршы метр алаңда отты жойды. Өрттің себебін сынақ зерттеу өрт зертханасының мамандары анықтайды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.