![Алматыда құтқарушыларға аллея ашылды](/media/2021/10/20/dada0efd-0d1a-4bba-9fc2-1d42579ed2d0.jpeg)
Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған.
Жүздеген тал отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тақырыптық орындықтар қойылды. Қалада күн сайын кезекшілікте 200-ден астам адам, 80 техника және 3 әуе борты дайын тұрады.
Биылғы тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды.
Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарды.