Қоғам • 20 Қазан, 2021

Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгердің марапаты анасына табысталды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жарлығымен 27 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық әскери қызметкер марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгердің марапаты анасына табысталды

Марапат ел тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне орайластырылған.

Айта кетейік, кіші сержант Раджан Батырханов қызметтік міндетін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан. Төсбелгі бүгін Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінде сарбаздың анасы Кизат Батырхановаға табысталды.

«Бүгін Қазақстанның шекара қызметі үшін тарихи күн. Бұл марапат тек Раджан Батырхановтікі ғана емес, бұл оның жақындары мен Қазақстанның шекара қызметіне көрсетілген құрмет. Біз Раджан Батырханов сынды қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз. Тәжікстан Республикасының президенті мен Қазақстандағы елшілігіне алғыс айтымыз», деді ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.