Аймақтар • 21 Қазан, 2021

22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 4-13 қазан аралығында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жүргізушілердің тасымалдау ережелерін сақтауына бақылауды күшейту.

22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Полиция қызметкерлері көліктік бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының қызмет­керлерімен бірге автокөлік кәсіпорындары мен жолау­шы­лар тасымалымен айна­лы­сатын кәсіпкерлерді тексер­ді. Ав­тобустардың техни­калық жағ­дайына және жүргізу­шілер­дің жол қозғалысы ереже­лерін сақ­тауына ерекше назар аударылды.

Операцияның 10 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған 22 мыңнан астам (22 326) жол қозғалысы ережелерін бұзушылық, оның ішінде көлікті мас күйінде бас­қарудың 26 фактісі, қарсы жолаққа  шығудың 45, маневр жасау ережелерін бұзудың 4,5 мың (4 569) фактісі анықталды.

Жылдамдық режімін асыр­ғаны үшін 402 жүргізуші жауап­кершілікке тартылды. Сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтаудың 900 фактісі, рейс алдындағы тек­серуден өтпеудің 341 фак­тісі, техникалық байқаудан өт­пеудің 1 845 фактісі, рөлде отырып телефон пайдаланудың 4,5 мың­нан астам (4 562) фактісі тіркелді. Жолаушыларды заң­сыз та­сымалдаудың 308 фак­тісі анық­талды. Автобус парк­терінің 194 ла­уазымды тұлғасы әкімшілік жауап­кершілікке тар­тылды. 106 рұқсат етілмеген тұрақ жабылды.

 

Соңғы жаңалықтар