Қазақстан • 23 Қазан, 2021

Татулық – қуатты мемлекеттің тірегі

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаев өз сөзінде сегіз басымдық бойынша нақты тапсырмалар берді.

Татулық – қуатты мемлекеттің тірегі

Халықтың әл ауқатын жақсартып, экономикасын көтерілуі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың ең бастысы – ішкі бірліктің нәтижесі екені айтылды.

Ассамблея төрағасы этносаясат саласында жоспарлы жұмысты жүйелеп,  ассамблея қызметін әрі қарай дамыту, ұлтаралық татулыққа сызат түсіретіндерге заң аясында қатаң шара көру, жергілікті ҚХА жұмысын жандандыру қажеттілігін айтты. Саладағы жауапкершілікті тек құзырлы органдарға артып қоймай мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын дамыту қажеттілігін атап өтті. ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың қызметін атап айтқанда, Аналар кеңесі мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын дамытуға қолдау көрсету керектігін тапсырды. Жас буынның көп тіл меңгеруіне көңіл бөлді. Ақпараттық кеңістікті тиімді пайдалануды тапсырды. Балалар спортына назар аударып, мемлекеттік тілді дамытуға қатысты ұсыныстарға қолдау білдірді.

Түсінген жанға Мемлекет басшысы тек ассамблея мүшелеріне ғана емес барша қазақстандықтарға ауқымды міндет жүктеді. Жұмыс ауқымы белгілі. Біз ішкі бірлікке іріткі салатындарды жауапкершілікке тартып, баянды болашағымыз үшін тұғырлы татулықты ту етіп, адал әрі нәтижелі еңбек етуіміз керек.   

Біз, жеткен жетістігіміз бен бағындырған белесіміз – берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа негізделген сындарлы саясаттың жемісі және жеңісі екенін мойындауымыз қажет.

 

Икрам Хашимжанов,

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері

«Дустлик» қауымдастығының төрағасы