Футбол • 28 Қазан, 2021

«Атырау» алғашқы ойында жеңілді

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасына тұңғыш рет қатысып жатқан «Атырау» футзал клубы доданы сәтсіз бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау» алғашқы ойында жеңілді

Негізгі електік кезеңдегі бірінші ойынын словениялық «Добовец» командасына қарсы өткізген «Атырау» футболшылары қарсыластарыне есе жіберді. Алдымен словениялық команданың жейдесін киген жігіттер кездесудің 30 және 35 минуттарында «Атырау» қақпасын дәл көздеп, екі доп айырмасымен есепте алға шықты. 38 минутта атыраулықтар бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 1:2.

 Тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан «Атырау» командасы бүгін Португалияның «Спортингімен» кездеседі.