Футбол • 29 Қазан, 2021

«Қайрат» тағы да тең ойнады

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сынға түсіп жатқан Алматының «Қайрат» командасы екінші ойын қатарынан қарсыласымен тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» тағы да тең ойнады

«Қайрат» екінші турда ресейлік «Тюмень» командасымен кездесті. Бұл ойында ресейліктер басымдыққа ие болып, 3:1 есебімен алда тұрған болатын.

Алайда, сәт сайын өткір шабуылдар ұйымдастырған «Қайрат» жігіттері екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 3:3.