Премьер-Министрдің орынбасары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін, осы жылдың тамыз айынан бастап коронавируспен ауырғандар саны 8 есеге төмендегенін атап өтті.
Жиында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирустық инфекциямен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Ералы Тоғжанов жергілікті билік органдарына халықты вакцинациялаумен қамту жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында аурудың өсуіне жол бермеу үшін мектептерде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, вице-премьер «Pfizer» вакцинасын сақтау және тарату жөніндегі негізгі хаб орналасатын қан орталығының жұмысымен танысты.