Коронавирус • 04 Қараша, 2021

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де СОО-ға кіре алмауы мүмкін

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Көк» мәртебесі бар қазақстандықтарға тек демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндері де СОО-ға баруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина алмағандар жұмыс күндері де СОО-ға кіре алмауы мүмкін

«Бүгінгі таңда бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға бару рұқсат етілген. Жақында ВАК отырысында бұл тәжірибені жұмыс күндері де сауда-ойын сауық орталығының жұмысына тарату ұсынылды. Яғни, бүгінгі таңда сауда ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар тұлғалар ғана бара алуы үшін осы мәселе талқылануда»,  деді ол.

Оның айтуынша, «Атамекен» ҰКП-да осы мәселені талқылауға белсене қатысады.

«Себебі СОО-да көптеген кәсіпкерлер жұмыс істейді, тек сауда саласында ғана емес. Бұл объектілерде айналымдары, табыстары төмендеуі мүмкін басқа да қызмет түрлері (СОО көптеген объектілерінде қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру, ойын-сауық контенті объектілері) орналасқан. Сондықтан бұл мәселе қазір белсенді талқыланып жатыр», деп атап өтті ол.