Әлем • 04 Қараша, 2021

Қытайдан төнетін қандай қауіп бар?

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ қарулы күштері қолбасшылығы тәпсірлеген Қытайдың әскери күшін кеңейту туралы есебі «Қытай қаупі» теориясын негіздеу мақсатында ұсынылған. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайдан төнетін қандай қауіп бар?

Ол Вашингтонды «нақты фактілерді бұрмалады және өз ыңғайына сай ақпарат таратты» деп айыптады. Оның айтуынша, жарияланған құжат деректерге сәйкес келмейтін көрінеді. «Шын мәнінде бүкіл әлем үшін қауіптің ең үлкен көзі — АҚШ-тың өзі»,  деді Вэньбинь.

Қытай СІМ өкілінің айтуынша, елдегі ядролық арсенал халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. «Қытайдың атом қаруы әлемнің кез келген еліне қауіп төндірмейді», деп қорытындылады өз ойын Вэньбинь.

Бұған дейін Пентагон Қытай өзінің арсеналын мың ядролық оқтұмсыққа дейін кеңейте алады деп мәлімдеді. АҚШ әскери күштері Қытайдың ядролық бағдарламасының қазіргі даму қарқыны АҚШ Қорғаныс министрлігінің 2020 жылы жасаған болжамдарынан асып түсетінін атап өтті.