1 шілдеден бері әкімшілік әділет соттары әкімдіктерге 58 ақшалай айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин айтты, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылы 1 шілдеде қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте сот жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізілген еді.
«Әкімшілік процестегі маңызды институт – ақшалай өндіріп алу болып отыр. Бұл – бұрынғы заңнамада болмаған жаңа құрал. Әкімшілік кодекс енгізілгенге дейін соттар істі қарау барысында құқықбұзушыларға тек ескерту ғана жасай алатын. Енді судьяның қолында ақшалай өндіріп алу сияқты құрал бар. Бұл құрал процеске қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды да тәртіпке келтіруге ықпал етеді», деді Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, төрт айдың ішінде судьялар 175 ақшалай айыппұл салған. Жалпы айыппұл көлемі 6 млн теңгені құраса, оның шамамен 5 млн теңгесі бюджетке түсіп үлгерді.
«Ақшалай өндіріп алу туралы сот шешіміне шағымдануға болады, бірақ алдымен бұл айыппұл төленуі керек. Сондықтан қазір жауапкерлер мен мемлекеттік органдар анағұрлым тәртіпті бола бастады. Өйткені ақшалай өндіріп алу сомасы 10 АЕК-тен басталып, 100 АЕК-ке дейін жетеді. Бұл айтарлықтай қомақты ақша», дейді Қанат Мусин.
Сонымен бірге спикер ақшалай өндіріп алу жауапкершілігі кімдерге салынғанын айтып берді.
«140 ақшалай айыппұл жауапкердің тарапына салынды. Әдетте, бұл әкімшілік органдар немесе жеке сот орындаушылары. Мысалы, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жалпы 97 ақшалай жаза қолданылды. Оның ішінде министрліктердің бірінің комитет төрағасы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің басшысы сияқты шенеуніктер бар. Яғни, мұнда қарапайым қызметкер жоқ. Әкімдік қызметкерлеріне 58 ақшалай айыппұл салынды, оның ішінде 6 қала әкімі, бес аудан әкімі және үш аппарат басшысы бар», деді Қанат Мусин.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар