ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев интернет-контентті заңнамалық шектеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, іздеу жүйелері мен іздеу жүйесінің операторларына заңнамалық анықтамалар беріп, желілік басылымдар ұғымын неғұрлым нақты анықтау қажет.
«Әлеуметтік желілердегі кейбір аккаунттар мен арналар көптеген жазылушылар мен көріністердің арқасында ақпаратты жаппай тарату құралдарының біріне айналды. Осы тұста маңызды сұрақ туындайды – оларды БАҚ-пен қалай байланыстырамыз? Министрлік осы бағыттардың барлығына жаңа түсінік беруді ұсынады. Қазір жұмыс тобының қарауына енгізетін тұжырымдамалар әзірленуде», деп атап өтті вице-министр.
«Мысалы, цифрлық және кабельдік телерадио хабарларын таратудың дәстүрлі операторларынан қазіргі заманғы IPTV-технологияларды пайдалана отырып, ғаламтор желісінде телевизиялық контентті тарататын компанияларға заңнама талаптары неге қолданылмайды деген сұрақ туындайды. Сондықтан интернет-кеңістікте ТВ контентті таратушыларға және телерадио хабарларын таратудың дәстүрлі операторларына қойылатын жалпы талаптарды анықтау қажеттілігі мәселесі зерттелуде», деп қорытындылады спикер.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар