Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Нияз – нағыз азамат

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің концерт залында «Жан шуақ» сыйлығымен марапатталғандардың қатарында қарағандылық Нияз Сүндеталиев те болды.

Нияз – нағыз азамат

Аталған іс-шараны Nur Otan пар­тия­сының қол­да­уы­мен «Кедергісіз келе­шек» партиялық жобасы аясында Қа­зақстан мүгедектер конфедерациясы ұйым­дас­тыр­ды.

Нияз Сүндетәлиевтің есі­мі Қарағанды облысының тұрғындарына жақсы таныс. Ол қазір Қарағанды облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жө­нін­дегі штаттан тыс кеңесшісі болып қо­ғамдық қызмет атқарады. Мүмкіндігі шек­теу­лі жандардың жеке та­быс­қа ұмтылып қана қоймай, елдің дамуына да өзіндік үлес қосып жүргенін дәлелдеуді алдына мақсат етіп қойған белсенді жастың бірі.

«Жан шуақ» сыйлығын ұйым­­дас­тырушылар Нияз Сүн­­детәлиевтің мүге­дектерге қа­тыс­ты­ стереотиптерді жою­­­­­да­­ғы­ қажырлы еңбегіне ла­­­йық­ты баға берді.

– Нияздың қоғам дамуы­на қосқан үлесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары бағалады. Ол «Қайнар» және «Алтын жүрек» сыйлықтарының иегері. Оның үлгісі еліктеуге және құрметтеуге тұрарлық, – деп атап өтті олар.

Марапаттау кешінде сөз алған Нияз Сүндеталиев өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін жақ­сар­ту­ға ұмты­ла­тын мүмкіндігі шектеулі жандарға се­не­ті­нін атап өтті.

– Бұл залға жиналғандар шын мәнінде өзде­рінің күш-қуатын, өмірге деген сүйіс­пен­шілігін іспен дә­лел­деп жүрген жандар. Сал­та­натты шараға еліміз­дің барлық ай­мағынан қаты­су­шылар кел­ді. Бүгінде мүм­кін­ді­гі шектеулі жандар өмір­дің көптеген саласында жоғары нәтижелерге қол жет­кізіп жүр, олар үшін бәрі­­міз де қуаныштымыз. Әр­қайсымыз ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдарды тең жағдайда қабылдап, ин­клюз­ивті мемлекет құруға үлес қосуымыз керек, – деді қай­сар да белсенді жас.

Еске салсақ, дәстүрлі «Жан шуақ» сыйлығы елі­міз­дің мәдени, спорттық және қоғамдық өміріне белсенді қатысатын мүмкіндігі шек­те­улі жандарға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адам­дардың өмір сүру сапасын жақсартуға белсене араласатын қазақстандықтарға беріледі.

 

ҚАРАҒАНДЫ