Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Қызылорда облысында электр энергиясына шектеу тоқтатылады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері Қызылорда облысында электрмен қамту жүйесіне арнаулы шектеулер қойылған болатын. Ертеңнен бастап осы шектеу алынып тасталып, тұтынушылар электр энергиясымен толық қамтылады.

Қызылорда облысында электр энергиясына шектеу тоқтатылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Айта кету керек, 3 қарашадан бастап облыс бойынша тәулігіне орташа есеппен 30-50 мегават аралығында электр энергиясының жетіспеушілігі орын алды. Соның салдарынан күнделікті кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін тұтынушыларға электр энергиясы шектеліп беріліп келді. Атап айтқанда, 6 аудандағы 58 ауылдық елді мекеннің 15 мыңға жуық абоненттеріне шектеулер қойылды. Осы мақсатта, Энергетика министрлігі мәжіліс өткізіп, Жамбыл ГРЭС-тің 3 және 4 блогын іске қосуға шешім қабылдады», деді басқарма басшысы.

Нәтижесінде, ертеңнен бастап жалпы оңтүстік өңір, оның ішінде Қызылорда облысы электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етілмек.