Қостанайда кезінде ұлтымыздың аңшылық пен жауынгерлік өнерінің ерекше өрістеп дамыған түрлерінің бірі – дәстүрлі садақ ату мектебі ашылды. Мұнда келетін ересектер мен балаларға жебе тартудың ережесі мен мергендіктің қыр-сырын дәстүрлі садақ тартушылар үйрететін болады.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына Республикалық садақ ату федерациясы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, дін қызметкерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен есімдері елге белгілі спортшылар қатысты.
Дәстүрлі мектепті ашып отырған спортшы Аяулым Аппазова садақ атудан ел чемпионы, талай халықаралық жарыстарға қатысып,
жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр.
– Мен Науырзым ауданында туып-өстім. Садақ ату – ата-бабамыздан қалған дәстүрлі өнер. Бұл да ұлттық спорттың бір түрі. Өзім осы салада жүрген соң, садақ ату дәстүрі туған өңірде де жанданса екен деген ниетпен облыстық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрадым. Палата жобамды қолдап, мектепті ашу барысында заңгерлік кеңес беріп, көп көмектесті. Біз өз мектебіміздегі жаттығу жұмыстарына қазақ, түрік және моңғол садағын пайдаланатын боламыз. Олар еуропалық немесе шығысазиялық садақтарға қарағанда қысқа әрі жеңіл, ат үстінде шауып келе жатып атуға ыңғайлы келеді. Қазақ садағымен 180 метр қашықтан нысанаға дәл тигізуге болады. Қостанай өңірінде жебе тарту кенже қалғандықтан, оның пайдасын да көп адам ескере бермейді. Мысалы, садақ атып әдеттенген адамның арқа бұлшық еттері жақсы дамиды, омыртқалары мықты болады және көру қабілеті жақсарады, – дейді Аяулым.
Мектептің ашылу рәсімінде сөз алған «Олжа-Агро» серіктестігінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров көпшілікті Тобыл өңірінде тұңғыш жұмысын бастаған ұлттық мектептің пайда болуымен құттықтап, дәл осындай садақ ату клубтарының ауылдық мекендерде де ашылу керектігін тілге тиек етті.
– Біздің серіктестіктің Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарында мәдениет орталықтары бар. Егер сол өңірлерге барып ұлттық спорт үйірмелерін ашқыларыңыз келсе, біз өз тарапымыздан қаржылай демеушілік жасап, қолдау көрсетер едік, деді серіктестік басшысы.
Салтанатты шараға арнайы келген республикалық дәстүрлі Sadaq Aty федерациясының вице-президенті Диас Ахметов Аяулым Аппазоваға садақ ату жаттықтырушысының сертификатын табыс етіп, өз шәкірттерімен бірге жебе тартудан шеберлік сабағын көрсетті.
Қостанай облысы
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Тамырды жалғағандар – өмірді сыйлағандар
Медицина • Кеше
Таным • Кеше
Түркістанда медициналық-ақпараттық Call-орталық ашылды
Аймақтар • Кеше
Торғай даласына ракета бөлшегі құлап түсті
Аймақтар • Кеше
Кентау қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«AMANAT» 400-ден астам партиялық бақылау бекетін ашады
Қазақстан • Кеше
Елорданың биылғы бюджеті бекітілді
Елорда • Кеше
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қаржыгер теңгенің құнсыздану себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар