25 Ақпан, 2014

Шырайлы Шымкент шаһары

1573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_3772 Шымкент – еліміздегі ірі қалалар сапындағы өрісін кеңге жайған, халқы шағын және орта кәсіпкерліктің көзін тапқан, экономикасы дамыған, бастысы, бүгіннен болашағы жарқын шырайлы шаһарлардың бірі. Статистикалық дерек бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында 2,7 млн.-нан астам тұрғын бар, соның 850 мыңға жуығы Шымкентте тұрады. 2012 жылы бекітілген Бас жоспарға сай, қала аумағы кеңіп, жаңа әкімшілік іс­керлік орталықтың құрылысы қар­қын­ды жүргізілуде. Ұлтымыздың ұйыт­қысы атанған өңірдің жағымды имид­жін, әлеуметтік-экономикалық жетіс­тіктерін, инвестициялық әлеуетін танытуда Шымкент қаласының орны бөлек. Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Шымкент − сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы − Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны 1 миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген еді. Бүгінде осы бір сөз шындыққа айналды. Соңғы жылдары Шымкент қаласын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жасалды. Нәтижесінде Абай, Жеңіс, орталық саябақтары мен дендросаябақ күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жаңа Тәуелсіздік саябағы салынды. «Даңқ», «Отан-Ана», «Мемлекеттік рәміздер алаңы» сияқты бірқатар сәулеттік нысандар бой көтерді. Өткен жылы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта «Отырар» кітапханасы мен Көрме орталығы пайдалануға берілді. «Наурыз» алаңы ашылып, С.Бәйтерековтің ескерткіші бой көтерді. Бес мың орындық орталық мешіттің құрылысы аяқталды. Бүгінде қала аумағындағы Бадам, Қошқарата өзендері маңын абаттандыру, көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы. Орталык фонтан Бес мын орындык орталык облыстык мешит DSC_2189 DSC_2222 DSC_1787 Онтустик-цирк Алтын копир Отырар облыстык китапханасы Тауелсиздик саябагындагы