Руханият • 11 Қараша, 2021

Ұлттық жобаның негізгі бағыттары таныстырылды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық жобаның негізгі бағыттары таныстырылды

Бүгін елордалық кітапхана басшылары мен қызметкерлеріне  Ұлттық академиялық кітапханада Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының негізгі бағыттары туралы материалдарды таныстырды.

Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұңалбаева әдебиетті, оқырмандар бойында мәдениетті ілгерілетудегі Ұлттық жобаның маңыздылығын және қазақстандықтарды туған елдің мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру қажеттілігін атап өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі М.Арғынбеков Ұлттық жоба аясында кітап оқуды насихаттауға бағытталған жұмыс жалғасатынын айтты. Осылайша, Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының ақпараттық жүйесін жетілдіру, түрлендіру және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету қарастырылды.